Тест тапсырмаларын орындау. 3 страница




Шалқар көл, шұқыр көлге қайрылмайсың.

Іштей құса боп, тек домбыра мен әнді ермек етіп жүрген Нұржанға бірге өскен Сапарғали досы келіп, Нұржанның жақсы көріп жүрген қызы Бибісараға ойламаған жерден хат жазғызады. Бірнеше хат жазып, жауап ала алмай, үмітінің үзілер тұсында қыздан жауап келіп, соңынан сол қызға қосылады. Одан бала болмайды.

Әрі ақын, әрі әнші, әрі күйші Нұржан Наушабайұлы 1919 жылы 60 жасында қайтыс болды.

Ақынның көзі тірісінде жарық көрген кітаптары: «Манзұмат Қазақия» -1903 ж. Қазан. «Жұмбақ. Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтысы» - 1903 ж. Қазан. «Алаш» - 1910 ж. Қазан.

«Н.Наушабайұлы ақынның бір өзгешелігі - ол өлеңдерінің көбін бұрынғы араб, фарсы, шағатай ақындарының үлгісінде, стилінде жазады: діни сөздерді, араб, фарсы, ескі кітаби сөздерді көп қолданады» (Б. Кенжебаев)

Н.Наушабайұлы педагог ақын Ы. Алтынсариннің ақыл-кеңесін, тәрбиесін көріпті. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевпен қарым-қатынаста болған. Абайды ұстаз тұтқан, ұлы ақыннан үйренген, оған еліктеп өлең жазған.

Ақын Алланы пip, Пайғамбарды хақ, Құранды шын деп білген. Алланы бүкіл дүниедегі жанды - жансыздың жалғыз жаратушысы деп түсінген.

«Пендеге пенде қылма жүз салдырып» дейді ақын. Ажал да, азап та, бақ та, сор да кұдіретті бір құдайдың қолында екенін ол өзі ғана мойындап қоймай, қалың жұртқа насихат ретінде жырлайды.

Н.Наушабайұлының әдеби мұрасын алғаш зерттегендер Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Ө. Күмісбаев, У.Қалижан.

Әдебиет жинаушы Б.Байтоғайұлы 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналында жарияланған «Нұржан ақын» деген мақаласында Нұржанның шыққан тегі жайлы, оның өлеңдерінің болашақ ұрпақ үшін, қазақ әдебиеті үшін құндылығын айта келіп, ел арасындағы ақын өлеңдерін білетін адамдарға өтініш жасайды.

Нұржан өлеңдерінің өз заманында кеңінен таралғандығына, оның есімі сол кездегі белгілі ақындармен қатар аталғандығына М.Дулатовтың төмендегі өлең жолдары да айғақ болмақ.

Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр,

Шөже, Орынбай, Мәшһүр-Жүсіп о да шықты.

Бұлардың әрбір өзі файдағы асқан,

Һүнерін хатқа жазып, халыққа шашқан.

Сондай-ақ, А.Байтұрсынов өзінің белгілі «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде Нұржан өлеңдерінен:

Бұл күнде сөйлей берсек сөз жетерлік,

Білгендер тағылымы бар үлгі етерлік.

Кеңістің көзі ашылған бұлағынан,

Ағызы шұқанақты көл етерлік, -

деген үзінді алып «бейнелеу» тәсілін түсіңдіреді. Мұның бәрі Нұржанның өз заманындағы бағасын байқатады.

2. Нұржан өлеңдерінің тақырыптық аясы және көркемдік ерекшелігі

Нұржан шығармашылығының алғашқы кезеңінде жазылған өлеңдері жалынды жастық шақ, адал махаббат, сұлу қыз, жақсы дос, сияқты нәзік сезімді болып келеді. Бірқатары айтыс түрінде де орындалған. Махаббат, жастық шақ хақындағы өлеңдерінің бэрі сыршыл, эсем лирикалық туындылар. Ақынның осы кезеңдегі шығармаларынан халық поэзиясының сүлулыққа сүйсіну, әсемдікті суреттеу мотивтерін, айшықты, көркем образдарды айқын көруге болады. Сонымен қатар ақынның жеке лирикалық түйіні де мен мұндалап түрады.

Мысалы:

Ақ Еділ қамысындай он саусағың,

Жаныма лайық тіл мен жағың.

Шамшырақ жағып қойған қараңғы үйде,

Таусылмас қанша айтсам да сенің бағың,

Ақ жүзің он төртінші туған айдай,

Сөзің бар шаршап келіп ішкен шайдай.

Әр сөзің көңілімді хош етеді,

Құбыладан жазғы соққан қоңыр майдай...-

деп келетін сыршыл сезімге толы жолдар тыңдарманды елітіп, баурап әкетері сөзсіз. Өмірлік жары Бибісараға хат арқылы өз сезімін білдіруі, «Көкен-ай», «Көңіл ашар», «Жан сәулем», «Асыл-ай», «Мұқидаш», «Бес тілек» сынды әндерінен ақын жанының нәзік сыршылдығы байқалады.

Ақынның ағартушылық көзқарасының қалыптасуына белгілі ұстаз Ы.Алтынсарин жақсы әсер етеді. Ел арасында той тойлап, сауық-сайран салып жүрген Нұржанның ақындық талантын таныған Ы.Алтынсарин оған бағыт сілтеп, ақыл-кеңес береді. ¥стаздың ұлағатын дұрыс қабылдаған Нұржан ендігі жерде:

Шығарманы жүргізуге білім керек,

Дахида зейініңді бөлу керек.

Мағыналы үлағатпен тізіп қойып,

Байлауға сөзді қысқа білім керек,-

деп, оқу-білімнің пайдасын насихаттаған өлеңдер жаза бастайды.

Қазақ халқы шырайлы жерінен айырылып, күштіден қысым көргенін, халықтың тіршілігі ауырлап, тұрмысы қиындап кеткенін: Ата қоныс кетті қолдан. Бұған бар ма қыларымыз? - деп ашына жырлайды.

Патшаның жарлығымен қазақтың шұрайлы жерлері орыс шаруаларына алынып берілуі, саналы азаматтардың намысын қоздырып, ашу-ыза тудырады. «Күш қазандай қайнағанмен, күресуге дәрмен жоқ» сынды құбылыс Нұржан шығармашылығында төмендегідей өрнектеледі:

Барар жер, басар тауың жоқ,

Деген мақал кез болды.

Бір қауызға қамаған,

Кеңшілік заман табылмас.

немесе «Ағашты алды, жерді алды, Енді алмаған нең қалды?»

«Зар заман» поэзиясын жан-жақты талдаған Б.Омарұлының: «Нұржан Наушабайұлы - зар заман поэзиясының өлең өрнектерін санаға сіңірген, бұрыннан бар түр - пішінге өзгеше өң берген жыр жүйрігі»,-деген сөзі оның шығармаларына берілген әділ баға.

Нұржанның ақындық талантының тағы бір қыры - қазақ поэзиясындағы ертеден қалыптасқан көркемдік дәстүрді дұрыс пайдалануда және тапталған сүрлеудің тасасында қалып қоймай, өзіндік ой өрнегін, сөз жүйесін тауып, көне дәстүрді өз тарапынан жаңарта, жаңғырта жырлауында жатыр.

3. Нұржан шығармаларының жанрлық өзгешелігі (айтыстары, дастандары және мысал өлеңдері)

Нұржан мен Сапарғалидың айтысы өз тұстастарымен салыстыра қарағанда жоғары деңгейде өткен, әртүрлі тақырыптарды қамтыған, ақындық шеберлікпен тапқырлықтың озық үлгісін танытатын айтыс. Бұл айтыста дәстүрлі тақырыптармен қатар ел тұрмысына енді ғана ене бастаған жаңа заттарға да ерекше мән беріледі. Айтыстың осы бір ерекшелігі жайлы ғалым М.Жармұхамедов: «Мұнда халық өмірімен біте қайнасып кеткен байырғы заттардан тыс ел тұрмысына енді-енді ене бастаған жаңа мүлік атауларға да мән беріліп отырады. Осы орайда ең алдымен ел ішіне кең тараған «Сапарғали мен Нұржан айтысын да» айрықша атап өткен жөн.

Нұржанның «Сегіз сері» (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақовқа арналған дастанында Нұржан Сегіз серінің ерлік істері мен өз жанынан шығарған, ақын-әнші ретінде өңдеп, орындаған көптеген туындыларын сөз қылады. Дастанды жазардан бұрын ақынның ауылында болып, ол жайында деректер жинап, өлеңдерімен танысқан Нұржан тілі көркем, оқиғасы тартымды шығарма жазып шығады. Бірақ бұл туындының көркемдігімен қатар кемшілігі де бар.

Ақынның шығыс әдебиетінің үлгісімен, ұлттық еркшелікті сақтай отырып жазған, шығармашылығының эпикалық сипатын танытатын тағы бір туындысы - «Бозаман» дастаны. Дастанның негізгі өзекті тақырыбы достық, махаббат мәселесі. Дастанның өзге лиро-эпостық туындыларға сюжеті ұқсас болғанымен, оқиғаның аяқталуы өзгеше. Егер басқа ғашықтық дастандардың финалында қыз бен жігіт бір-біріне қосылып бақытты болыпты деп аяқталса, мұнда мүлде басқаша. Дастанның осылай аяқталуының өзі Нұржанның ешкімді қайталамайтын, өзіндік стилі, өзіндік қолтаңбасы бар ақын екенінің бір дәлелі.

Нұржанның мысал жазу саласындағы қол жеткізген жетістігі, «Өгіз бен есек», «Түлкі мен әтеш» мысалдары. Бұл мысалдарда автор екі хайуанның арасындағы іс-әрекет, диалогтары арқылы өзінің жаны қиналса, досын сатып кетер нашар достықты бір сынаса, «басқа бәле тілден» екенін де жанамалай айтып өтеді.

«Түлкі мен әтеш» мысалында түлкі әтешке келіп «патшадан жаңа низам шықты енді қой мен қасқыр, тазы мен түлкі, қаршыға мен көгершін дос болып, бір үяда өссін депті. Екеуміз де дос болайық, жерге түс» - дейді. Әтеш алысқа көз жіберіп: «Бір қойшы жанында біреу бар келе жатыр» десе, түлкі: «Ойбай-ау ол тазы боп жүрмесін» деп зыта жөнеледі. Сонда әтеш: «Неге қаштың, әлгі сөзің қайда?» десе, түлкі: «Кім білген, мүмкін патша жарлығын әлі ести қоймаған шығар» дейді. Мұндағы түлкі - елді алдап жеуге үйренген жаңа заман адамының типі.

«Өгіз бен есек» мысалында өгіз ұзақ күнге қосқа түсіп, алдындағы шөбін жеуге де шамасы келмей жатқанда, есек оған: «Бір күн шөп жемей ауырған бол, содан соң ауыр жұмыстан құтыласың» дейді. Ертеңіне өгізі тұрмаған соң иесі әлгі есектің өзін соқаға шегіп, ол өле жаздайды. Күн бата өгіз: «Қожайын не айтты» - десе, есек: «Өгіз бүгін де жем жемесе, сойып алмын» деп отыр дейді. Мұны естіген өгіз сол түні шөбін жеп ойнақтап, өкіріп шығады да, соқаға қайта түседі.

Әдебиеттер: Затаевич А.А. 1000 песен казахского народа, (песни и кюии). Издание второе. Москва: Гос. Музыкальное издательство, 1963-605 с. Ауыл кеші көңілді. Алматы: Қайнар, 1991-624 б. Наушабайұлы Н. Алаш. Қостанай: ЖШС «Баспа үйі» 1997-191 б. Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. Алматы: Білім, 2000-368 б. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. Алматы: Білім 2000-336 6. Мұқанов С. Халық мұрасы. Алматы: Қазақстан, 1974-237 б. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. Алматы: Ғылым, 1976-168 б.

№ 4 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Шәді Жәңгірұлы дастандары

Негізгі қаралатын мәселелер:

1.«Назым Сияр шариф немесе Пайғамбардың ақ жолы туралы» дастаны.

2.«Ибраһимпайғамбардың хикаялары» дастаны.

3. «Абылай» дастанындағы Абылай бейнесі (Есте сақтау картасын дайындау).

Тапсырмалар:

1.Дастан кейіпкерлеріне:Аллаһ,Ибраһим пайғамбар, Нәмрут патша, Сара, Ажар, Исмаилге образдық талдау жасау, Құран Кәріммен салыстыру.

2. Төмендегі үш тақырыптың біріне шығарма жазу.

А) Бұқар, Үмбетей, Тәттіқара, Сүйінбай, Доспер Саурықұлы жырларындағы Абылай бейнесі.

Ә) Шоқан Уәлиханұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазбаларындағы Абылай жайлы мәліметтер.

Б) Мағжан Жұмабайұлы, Сәкен Сейфуллин, Мәжит Айтбаев, І.Есенберлин т.б. ақын-жазушылар шығармаларындағы Абылай бейнесі.

3 . Сұрақ-жауап

1. Ш.Жәңгірұлының ата-тегі, өскен ортасы жайлы әңгімелеңіз

2. «Ибраһим пайғамбар хикаяты» дастанындағы әр кейіпкерге образдық талдау жасаңыз.

3. «Ибраһим пайғамбар хикаяты» дастанындағы Ибраһимнің түс көруі жайлы айтыңыз.

4.Сұрақтарға жазбаша жауап беру

«Ибраһим пайғамбардың хикаяты» дастаны бойынша сұрақтар:

1. Нәмрут патша түсінде не көрді?

2. Ибраһим пайғамбар қай жерде дүниеге келді?

3. Қай уәзір Ибраһим пайғамбарды отқа сыйынады деп жала жауып, екі көзінен айырады?

4. Шайтан қандай кейіпке еніп, Ибраһим пайғамбардың жауларын азғырады?

5. Нәмрут патша Аллаһпен соғысамын деп не істейді?

6. Ажар Сапа мен Мәуәнің арасында не үшін жеті рет жүгірді?

7. Ажардың құлағы қалай тесілді?

8. Ажар мен Исмаил шөл далада қалай тірі қалды?

9. Аллаһ Ибраһим пайғамбарды ұлы Исмаил арқылы қалай сынады? 10.Ибраһим пайғамбардан қалған қандай сүннет бар?

11. «Ибраһим пайғамбар хикаяты» дастанында Намрут патша не себептен өзін құдаймын деп, барлық қол астындағы елдерге өзіне сәжде қылғызады?

12. «Ибраһим пайғамбар хикаяты» дастаны қалай аяқталды?

13. Ибраһим пайғамбар тәңірге сыйынғанда аспаннан не түседі?

14. Ибраһим пайғамбардың ұстанған діні?

15. Ибраһим пайғамбардың баласы шайтанға неше рет тас лақтырады?

16. Нәмрут патшаның жарлығы?

17. Ибраһим пайғамбардың жары Ажарды қарғыстағанда не болады?

18. Ибраһим пайғамбардың үйіне неше періште келеді?

19. Ибраһим пайғамбардың әкесінің аты?

20. Нәмрут патшаның өлімі кімнен болады?

«Абылай» дастаны бойынша сұрақтар:

1. Абылайдың арғы атасы кім болған?

2. Абылайдың жастық шағы қалай өтті?

3. Абылай үйленген найман қыздан туған ұлдың аты?

4. Абылайдың ерлігіне сүйсінген Жәнібек хан оны кімнен сұрап біледі?

5. Қай жеңістен кейін Абылай ұлы жүз төресінен қыз алады?

6. Жаугершілікте Абылай қалмақтың қай батырын өлтіреді?

7. Абылайдың жау қолына түсуі қай тарауда айтылады?

8. Абылай Қытайға елшілікке кімдерді жібереді?

9. Абылайдың қанша әйелі болған деседі?

10. «Абылай» дастаны қанша тараудан тұрады?

11. Абылай өлген соң баласы Уәлиге қай би көңіл айтады?

12. Абылай Ташкентте ауырып жатқанда өзі өлсе денесін қай жерге жерлеуін өтінді?

13. Абылай әкесінің кегін алмай не үшін кері қайтып кетеді?

14. Абылай тұсында қалмақтың ханы кім болған?

15. Абылай Хиуа еліне елшілікке барып, сонда үйленіп тұрып жатқанда кім оған: « Бұқара еліне тиме»- деп айтып, ғайып болып кетеді?

16. Шәді Жәңгірұлының «Абылай» дастанында Абылай Бұқара еліне соғысқа аттанғанда әскерлері қандай аурудан қырылады?

17. Абылай мен Ораз Көкшетауда кімнің үйінде қызмет етіп жүреді?

18. Абылай қалмақтың Серіш батырын қайда және қалай өлтірді?

19. Абылай туралы басқа қандай көркем шығармалар оқыдыңыз?

Еркін жауап.

1.Шәді Жәңгірұлынан басқа да небір ақын, жазушылар Абылай бейнесін жырлап өткен. Шәдінің дастанында Абылай - өткір ойлы, батыр, ер, жетімін жылатпаған мейрімді хан болса, Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасында керісінше, Абылай көрші елдің қызын ата – анасынан, туған жерінен айырған қатігез хан ретінде суреттелді. Мұның мәнісі неде?

2.Абылай Төле бидің түйесін бағып, құл болып жүргенінде, оны «Сабалақ» дегені белгілі. Ал осындай Сабалақтың хан тұқымынан екені неден білінді? «Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады» деген мақалдың мәні неде? Тектілікті қалай түсінесіздер?

3.Абылай мен қалмақтың қоңтайшысы Қалдан Серен қарсылас жаулар. Тіпті, Абылай Қалдан Сереннің інісін де өлтіреді. Кейін екеуі дос ретінде суреттеледі. Бұл сонда қалай болғаны?

4. Ислам діні бойынша 3 әйел алуға рұсқат беріледі. Ал Абылай 7-8 әйел алғаны айтылады. Мұның себебін қалай түсіндіресіздер?

6.Тест тапсырмаларымен жұмыс.

Әдебиеттер: Келімбетов Н. Шәді ақын. Алматы.- Жазушы, 1974ж.-96б. Шәді төре. «Назым сияр Шәріп» А., 1995. 35бет. Омарұлы Б. Бұғауға бағынбаған жырлар. А., 1998ж. 0.000000 0.000000

Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. - Алматы: Білім. – 1998. - 210-222бб. Жақсылықов А. Образы мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы.-Алматы: Қазақ университеті,1999.-С.428. Азибаева Б.У. Казахский дастанный эпос.-Алматы: Ғылым. 1987.-368б. Әбдуов М. Қазақтың діни эпосы (діни эпостың типологичлық және поэтикалық мәселелері).-Қарағанды, 2006.-264б. Ибраһим пайғамбардың хикаяты –Шәді Жәңгірұлы Алматы, Қазақстан баспа үйі-1999ж. Пайғамбарлар баяны (Құран Кәрим ақиқаты бойынша) 1-кітап, Осман Нұри ТОПБАШ.- Алматы, 2008ж.Тарихи жырлар.Құраст.; Дәуітов С. Алматы, Білім,1995ж.,Дәуітов С. «Диуани хикмет» хақында. Алматы: Қазақстан,1998ж. (168бетте Абылай туралы)

№ 5 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Шәкерім Құдайбердіұлы өлеңдері

Негізгі қаралатын мәселелер:

1.Шәкәрімнің Абаймен рухани үндестігі жайлы

2.«Мен жетелеп өлемін, өрге қарай қазақты» немесе Шәкерімнің ақындық мұраты

3.Шәкәрім лирикасының көркемдік ерекшеліктері

4. Жиырма мен қырықтың арасы, Босқа өткенін қарашы. («Абай жолы» романындағы Шұбар бейнесі -пікірталас)

Тапсырма:

1.Өз қалауы бойынша Шәкерімнің бір өлеңін жаттау

2. Шәкәрім әндерінің біріне өз қалауы бойынша видеоролик түсіру

3.М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Шұбар бейнесін ашатын тұстарды конспектілеу.

3. Есте сақтау картасын құрастыру

4.«Шәкәрім және қазақтың салт-дәстүрі» тақырыбында сауалнама жүргізу

№ 6 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Шәкерім Құдайбердіұлы поэмалары

Негізгі қаралатын мәселелер:

1. «Қалқаман - Мамыр» дастанындағы билер бейнесі

2. «Ләйлі – Мәжнүн» дастанындағы махаббат трагедиясы

3. «Еңлік - Кебек» дастанындағы ғашықтар бейнесі.

4.«Нартайлақ пен Айсұлу» поэмасындағы қазақтың әлеуметтік тұрмысы

Тапсырма:

1. «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлердің мінез ерекшелігін, ішкі әлемін, ой - өрісін, бүкіл бітім – болмысын ашуға қызмет еткен авторлық мінездеу, монолог пен диалогты теріп жазып, талдаңыз.

2. «Қалқаман мен Мамыр дауы» неден шықты немесе «Көкенай - өз заманының перзенті, мораль сақшысы» төңірегінде пікірталас.

3. «Ләйлі –Мәжнүн » поэмасындағы мистикалық элементтер.

4. «Ләйлі –Мәжнүн » поэмасындағы Ләйлі монологы

5. Қазақ әдебиетіндегі «Еңлік - Кебек» тақырыбы («Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» «Дала уалаяты» газеті, 1982ж. 31-39 сандарында), Мағауия Абайұлының поэмасы (Қ. Мұхаметханов «Абайдың ақын шәкірттері» М. Әуезов «Абай Құнанбаев» А-1995., «Бес арыс» кітабы, М. Мағауин пікірі. А.,1992), Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасы, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы., 20 – томдық шығ.жинағы 9-т. төрт актілі, бес суретті

Кейс–стадиase-study) әдісі

Кейсте қарастырылатын нақты жағдаяттар:

-проблемалық ситуация (мәселелік жағдаят) бір тақырып немесе бір пәннің мазмұнымен шектелмейді, әдетте ол басқа пәндердің проблемалары мен мәселелерімен тығыз байланыста болады.

-ситуация бірнеше шешілмеген проблема болуы мүмкін, сол себепті де студенттер бір проблеманың шешімін тапқан соң басқа да проблемаларды іздестіріп, оларды талдаудың бағыттарын анықтауы керек.

-студенттер өз шешімдері мен ұсыныстарының дұрыстығын дәледеу үшін өздерінің жеке тәжірибесінен мысалдар келтіруі керек.

-проблемаларды шешудің мүмкін жолдары –кейстің негізінде жатқан оқиға нақты өмірден алынғандықтан, мұнда келтірілген ситуацияның жалғасы өмірде қандай болғандығы сипатталады;

- практикалық маңызы бар бұл ситуация аудиторияда талқылау барысында шығармашылық атмосфера туғызуы керек. Ол барлық студенттерге қызық болып, пікір алмасу мен таластарға әкелуі керек.

- ситуацияны (жағдаят) талқылау арқылы пән немесе тақырып бойынша «студенттер қандай білік, дағды, машықтарды игереді?»деген сұраққа жауап беру.

Практикада кездесетін ситуацияларды екі түрде келтіруге болады:

1.Өмірде болған оқиғалар мен әрекеттердің негізінде;

2.Жасанды ситуациялардың негізінде

Кейс–стадиase-study) әдісіүйренушілерге келесідей кәсіби, әдістемелік және коммуникативтік құзырлықтарды қалыптастырады:

-Пән аралық байланыстарын айқындау.

-Көшбасшылыққа ұмтылу

-Қысқа уақыт ішінде жүйеленбеген, ретке келтрілмеген ақпаратты талдау.

-Сыни, конструктивтік, аналитикалық және жүйелі тұрғыдан ойлау.

-Сәттілікке бағыттау, жеңімпаз психологиясын дамыту

-Балама шешімдерді бағалау

-Нақты кәсіби біліктерді игеру.

-Өздері атқарған жұмыстың нәтижелерін жариялау.

-Белгіленген уақыт ішінде ақпараттың жетіспеушілігі мен уақыт тапшылығы жағдайында шешім қабылдау және оның салдарын бағалау.

-Қарым - қатынас дағдылары мен бірлесе жұмыс жасау машықтарын игеру.

Кейс форматы:

1.Мұқаба. Мұнда кейстің атауы, авторы, жазылған жылы келтіріледі.

2.Кіріспе. Басты кейіпкерлер мен оқиғаның болған жері сипатталады.

3.Негізгі бөлім. Мұнда шешімі қажет проблема нақтыланып, оның қиындық туғызатын жерлері келтіріледі, студенттерге сұрақтар қойылып, тапсырмалар ұсынылады.

Работы которые могут быть Вам интерессными to-check-or-build-up-your-vocabulary-on-this-subject-look-at-the-words-and-word-combinations-listed-on-this-page.html

to-check-to-balance-to-include-to-consist-of-to-comprise-to-be-vested-in-to-belong-to-to-be-represented-by-to-be-headed-by-to-form.html

to-chego-slishkom-malo-yavlyaetsya-nailuchshim-a-utrata-eto-samoe-uzhasnoe.html

to-chego-vi-ne-ozhidaete-gamma-energiya.html

to-chem-ti-yavlyaeshsya-nikogda-ne-bilo-bolnim-eto-absolyutnoe-lekarstvo.html

to-chemu-ne-uchat-na-hudfake-chto-ti-vsegda-v-lovushke.html

to-chemu-ti-soprotivlyaeshsya-uporstvueg-pomni-ob-etom.html

to-chem-vi-zanimaetes-dolzhno-prinosit-udovletvorenie.html

to-chem-vladeet-i-upravlyaet-dyavol.html

tochka-5-yavlyaetsya-tochkoj-vhoda-dlya-dvizheniya-k-linii-celi-epa-1-4.html

tochka-6-na-seredine-rasstoyaniya-mezhdu-tochkami-5-i-7.html

tochka-bezubitochnosti-bezubitochnij-obem-proizvodstva.html

tochka-bezubitochnosti.html

tochka-bezubitochnosti-i-zapas-finansovoj-prochnosti.html

tochka-bezubitochnosti-proekta.html

tochka-bezubitochnosti-zapas-finansovoj-prochnosti-operacionnij-leveridzh.html

tochka-bezubitochnosti-zapas-finansovoj-prochnosti-organizacii.html

tochka-bezzbitkovostі.html

tochka-i-pravka-rezhushego-instrumenta.html

tochka-i-pryamaya-liniya-v-proekciyah-s-chislovimi-otmetkami.html

tochka-kasaniya-byudzhetnoj-linii-e-s-samoj-visokoj-krivoj-bezrazlichiya-opredelyaet-ravnovesie-potrebitelya-v-etoj-tochke-on-maksimiziruet-udovletvorenie-potrebnostej.html

© domain.tld 2017. Design by Design by toptodoc.ru


Автор:

Дата:

Каталог: Образовательный документ