Тест тапсырмаларын орындау. 2 страница




Өмірді таңда

Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды.
Өмір-өзен ағып жатыр, тынбайды, Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады.

Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.

Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, спирттік ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық, достарым! Дені сау, жан - жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.

СӨЖ 3.Алаш ұранды әдебиет

Тапсырма 1. Тәуелсіз елімнің тарихы

Ұсынылған мәтінді қазық етіп, эссе жазу

Екінші жалпықазақ съезінде он бес мүшеден тұратын үкімет сайланды. Сайлау жабық түрде, демократиялық сипатта өтті. Үкіметтің басшысы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Бұл он бес мүше түгелдей дерлік жоғары білімді болатын. Тек Отыншы Әлжанов қана мұғалімдік семинарияны бітірген, орта білімді. Осы съезде білім комиссиясын, ұлттық қауіпсіздік, ұлттық банк, жер саясатын құру туралы шешім қабылданды. Қазақтар өз үлестерін алып біткенше сырттан Қазақстанға қоныс аудару тоқтатылады деді. Қазақ жерінің астында жатқан байлық қазақтікі болсын деді. Қазіргі Қазақстан Республикасының шекарасын анықтап берді.

Алаш үкіметінің құрылуы - қазақтың мемлекеттігін қайта қалпына келтірген және болашақта тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуына негіз болған оқиға болды. Алаш үкіметі Орынбор, Сібір, Түркістан аймақтарында жатқан қазақтың басын біріктіріп, қазақтың мемлекеттігін, территориясын анықтап берді, Республика ретінде қалыптастырды. Егер Алаш үкіметі құрылмаса, онда біздің бүгінгі Қазақстан Республикасы Қарақалпақстан, Башқұртстан, Татарстан секілді автономия күйінде қалар еді.

Алашорда үкіметі - республикалық негіздегі, сайлау жолымен құрылған қазақтың тұңғыш үкіметі. Алаш автономиясы - қазақтың бірінші республикасы. ҚазКСР - екінші, қазіргі Тәуелсіз Қазақстан - қазақтың үшінші республикасы. Республика дегеннің өзі – билік ұрпақтан ұрпаққа мұра күйінде қалатын емес, азаматтардың сайлауы арқылы құрылатын билік дегенді білдіреді.

Бізде Алашқа дейін хан тұқымынан хан сайланып, ақ киізге орап, таққа отырғызатын билік болды. Ал Әлихан Бөкейхановты болыстық, уездік, облыстық деңгейдегі қазақ комитеттері екінші жалпықазақ съезінде жанама түрде дауыс беру арқылы сайлаған. Бұл – сайланбалы үкімет. Сондықтан 1917 жылғы 12 желтоқсан – бірінші Республиканың құрылған күні. Немесе оны қазір Алашорда күні деп те атап жүр.

1936 жылға дейін біз Ресей Федерациясының құрамында автономиялы республика болдық. Қазақ зиялылары Үкіметтің алдына Одақтас Республика ретінде қабылдауын талап етті. 1936 жылы Орталық билік Қазақстанды Одақтық Республика деп тануға мәжбүр болды. Өйткені Қазақстанның потенциялы өте жоғары болатын: жер көлемі үлкен, табиғи байлығы да көп, халық саны жағынан да біршама. Сондықтан мойындауға тура келді. Бірақ бұл Мұстафа Шоқайдың сөзімен айтар болсақ: «Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы – қуыршақ республика» болатын. Біз кеңес үкіметі заманында сан жағынан ғана шығынға ұшыраған жоқпыз, рухани тұрғыдан да дағдарысқа түстік. Бірнеше рет қайталанған репрессия біздің сағымызды сындырды. Зиялыларымыз, саяси элитамыз сапалық тұрғыдан төмендеп кетті.

Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы: Қазақ университеті, 2002ж., Қазақ әдебиетінің тарихы. 6-том. Алматы:-ҚазАқпарат, 2006 ж.

Тапсырма 2. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларында айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді теріп жазу.

Кесте №2

Поэма атауы Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер Автор идеясы

Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы А., 1994ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Еспембетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров А., 1992ж. Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасуы А., 1990ж. Бисенғали З. ХХ ғасырдағы қазақ романы А., 1997ж. Дәуір ақыны: Ұлы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналады. - Алматы, 2002ж. Оразбек М.Ақындық орта табиғаты. - Астана, Фолиант, 2002ж.

Тапсырма 3. «Айтыс» поэмасы бойынша сұрақтарға жауап жазу.

1. «Айтыс» поэмасындағы екі бас кейіпкердің қайсысының айтар ойы мен ұстанған позициясын қостар едіңіз (дала ақыны, қала ақыны)?

2. Авторлық идеяның мәні неде және осы қойылған мәселелерді сіз қалайша шешер едіңіз?

3. «Айтыс» поэмасындағы жаңашылдық неде, автор тарапынан әдебиетке қандай жаңалық енді деп ойлайсыз?

4. Автор осы поэманы аяқтасам, мақсатым – қала ақынына жеңгіземін, түбінде заманды техника билейді деп жазылған. Осы авторлық болжау қазіргі заманда шындыққа айнала алды ма?

5. «Айтыс» поэмасында дала ақынының қазақ сахарасы, жазиралы жері, көрікті даласы туралы толғаныстары қалай берілген?

6. Дала ақыны ұлттық дәстүр, қазақтың меймандостық қасиеті туралы не айтады? Адамды сыйлау, құрметтеу жайлы ой-пікірі қалай?

7. Поэмада халықтың өлеңді, өнерді бағалауы, ақындық құдірет туралы толғанысы қалай суреттелген?

8. Дала ақынының тіл туралы ой-пікірі. Ол пікірдің бүгінгі таңдағы маңызы қандай?

9. Ақын ел арасындағы алауыздыққа, берекесіздікке өкінішін, уайымын қалай білдіреді? Даласын, елін, салтын дәріптеу арқылы ақын қазақ жастарына қандай уағыз, өсиет айтады?

10. Дала ақыны сынаған қала тұрмысындағы кемшіліктер, жағымсыз әдеттер қандай? Олар қазіргі күнде бар ма?

11. Қала ақыны көрсеткен қазақ даласының осал тұстары не? Ол кемшіліктер бұл күнде шешімін тапты ма?

12. Әрі дала, әрі қала ақыны атынан сөйлей отырып, өз ұлтының жетістігі мен кемшілігін қатар көрсетудегі мақсаты не?

Әдебиеттер:. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы А., 1994ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж. Еспембетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров А., 1992ж. Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасуы А., 1990ж. Бисенғали З. ХХ ғасырдағы қазақ романы А., 1997ж. Дәуір ақыны: Ұлы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналады. - Алматы, 2002ж. Оразбек М.Ақындық орта табиғаты. - Астана, Фолиант, 2002ж.

СӨЖ №4

Тапсырма 1. «Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттың рухани көсемі» тақырыбында ой-толғау жазу.

Ескерту: Көлемі - А4 форматы, шрифт Times New Roman - 14,кегль-1,0, бет-0,5.

Әдебиеттер: Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы. Қазақ университеті, 2002ж. Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті – Алматы: Қазақстан, 1993. - 168 бет. Бес арыс. // Құрастырушы Д. Әшімханов –Алматы. 1992ж. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. –Алматы 1990ж. Зауал: Мақалалар мен естеліктер. -Алматы, 1991ж. Қирабаев С.Әдебиетіміздің ақтаңдақ бегтері. - Алматы: Білім, 1995ж. Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер. - Алматы: Қазақстан, 1990ж. Құл-Мухаммед М. Алаш қайраткерлері. Саяси-құқықтық көзқарастың эволюциясы. - Алматы: Атамұра, 1998ж. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. — Астана: Күлтегін, 200ж. Сәрсекеев Қ. Ұлт ұстазы немесе Алаштың Ахметі. — Алматы: Гауһар, 2003. Байтұрсынұлы А. 5 томдық шығармалар жинағы. Т. 1, – Алматы: Алаш, 2003ж. - 408 б. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. Астана: «Фолиант», 2002ж. -474 бет. Сақ Қ. Ұлттық сана ұйытқысы. Алматы: Қазақ университеті, 2001ж. - 183 бет. Кәкішев С. Ахаң туралы ақиқат. Алматы: Қазақстан - Шапағат, 1992ж. - 112 бет.

Тапсырма 2. Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романында қазақтың қандай әлеуметтік тұрмыстары көрініс тапқан? Сол тұстарды романнан теріп жазу.

Кесте №3

р/с Романнан үзінді Әлеуметтік тұрмыс көріністері

Әдебиеттер: Дулатұлы М. 5 томдық шығ. жинағы.- Алматы: Мектеп, 2002ж. Елеукенов Ш. Жаңа жолдан.- Алматы, 1989ж. Әбсемет М. ХХ ғасыр басындағы тарихи - әдеби процестегі М. Дулатұлының шығармашылығы.- Алматы, 1991ж. Бес арыс // Құрастырушы: Д. Әшімханов Алматы, 1991ж.

Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы. Ататек, 1995ж. Нұрғали Р. Әуезов және Алаш.- Алматы: Санат. 1997ж. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры.- Астана, Күлтегін, 2002ж. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, 2006 ж.

Тапсырма 3. Ғұмар Қараштың қилы тағдыры мен Бернияз Күлейұлының махаббат трагедиясын өз айналаңызда болған немесе естіген оқиғалармен байланыстырып, өз тарапыңыздан новелла жазу, атын қою (өзіндік шығармашылық) .Ескерту: Екі автордың бірін таңдау.

Әдебиеттер:Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002ж. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6-том. Алматы:-Қазақпарат, Қараш Ғ. Замана. А., 1994ж.,Күлеев Б. Айтшы, ақ қайың А., 1969ж.

Практикалық сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау

Тақырыбы:

Сабақтың тақырыбы әдебиет теориясына байланысты өтілген материалды практикалық жағынан меңгеруге құрылады. Халықтық сөз мұраларын, олардың жанрлық түрлерін тек теория тұрғысынан меңгерту мүмкін емес. Сондықтан да ол ұғымдар әр түрлі талдаулар, салыстыру және басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста меңгертіледі.

Аудиториядан тыс жұмыстар:

Қазіргі оқу орындарындағы сабақ жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, практикалық сабақтағы аудиториядан тыс жұмыстар студенттердің өздігінен ізденуіне, өз тарапынан жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Бұл тапсырма жүйесі бір сабақ бойында меңгеруге мүмкіндік болмай қалған жағдайда студенттің өз бетімен ойлануына, тұжырым жасауына, ой қорытуына тигізер әсері мол.

Аудиториялық жұмыстар:

Қазақ әдебиетінен практикалық сабақтағы аудиториялық жұмыстар талдауға негізделеді. Осы бөлімде сол талдау жұмыстарының жүргізілу деңгейі, яғни сабақта жаңа зерттеулер мен бағдарлама жүйесінің сабақтастығы бір-бірімен тығыз байланыста өткізіледі.

Негізгі қаралатын мәселелер:

Әдебиеттің практикалық сабақтары тек талдау жұмыстарымен ғана шектелмейді. Білім жалаң меңгерілмес үшін, орындалатын талдау жұмыстарына орай практикалық сабақта қарастырылатын теориялық мәселелердің жүйесі ұсынылады.

Сабаққа тірек болатын мысалдар:

Қарастырылатын мәселеге орай орындалатын талдау жұмыстары алдымен үлгі ретінде ұсынылады. Көркем шығарманың мәтіні дайын күйінде студенттерге ұсынылғаннан кейін біраз жаңа тақырыпқа бейімделген студенттер келесіде талдау жұмыстарын өз тараптарынан орындай бастайды.

Түйін:

Әрбір практикалық сабақтың соңынан сол сабақта қарастырылған теориялық мәселеге қатысты және орындалған талдау жұмыстарына байланысты студенттер өздері ой қорытып, шағын ғана қорытынды жазады.

Практикалық сабақтар жүйесі

№ 1 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Көркем әдебиеттің жанрлық тұрғыдан дамуы

Негізгі қаралатын мәселелер:

1. Лирика және оның тақырыптық-көркемдік жағынан өріс алуы.

2.Поэма жанрының қалыптасуы, сюжетті поэмалардың молаюы. Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғырұлы, М.Сералыұлының сюжетті поэмалары.

3.Проза жанрының өркендеуі. М.Дулатұлы, С.Көбейұлы, Ш.Құдайбердіұлы,т.б. жазушылардың қазақ прозасын өркендету жолындағы еңбектері.

4. Алғашқы драмалық шығармалардың дүниеге келуі. (Б.Майлин «Шаншар молда», 1916; Ж.Аймауытұлы «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия-Шәрбану», 1916-17; М.Әуезов «Еңлік-Кебек», 1917).

5.Алғашқы әдеби сындар, аударма, көсемсөз жанрлары.

Тапсырмалар:

1.Көркем әдебиеттің жанрлық түрлеріне қатысты сұрақтар бойынша конспект жасау

2. Көркем әдебиеттің жанрлық түрлеріне Слайд жасау.

Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы: Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы: Қазақ университеті, 2002ж., Қазақ әдебиетінің тарихы. 6-том. Алматы:-ҚазАқпарат, 2006 ж.

№ 2 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ақындығы

Негізгі қаралатын мәселелер:

1. Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылық өмірі жайлы слайд жасау.

2. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерін жанрлық – стильдік және көркемдік тұрғыдан талдау, ерекшеліктерін ашу.

3. «Гүлшат-Шеризат» дастаны бойынша сұрақтарға жауап жазу, мазмұнын сюжет дәптерге жазу. Гүлшаттың портретімен танысу.

4. «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы» дастанын оқу, пайғамбарлар өмірі жайлы жазылған еңбектермен салыстыру.

Тапсырмалар:

1. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық – стильдік және көркемдік ерекшеліктері.


Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан,

Әр нәрсе шағымызда болып жатқан.

Жақсылық ойлаңыздар, біздің халық,

Тастаңыз жасандықты толып жатқан.

Құрметті ел билеген хакімдер де

Жыландай зәрін төгіп, сорып жатқан.

Бас салып зарлы, мұңлы, кем-кетікті

Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан.

Әркімді арбауына түсірем деп,

Түлкіше сол құйрығын бұлаңдатқан.

Жүзіме көрінгендер көз салар деп,

Өн бойын тоты құстай сылаңдатқан.

Жатырмыз бір қараңғы ұзақ күнде,

Көрінбей жарық сәуле бір таң атқан.

Желкелер старшының бейшараны,

Таба алмай кедей ақша жапа тартқан.

Ұлыққа кімнің сөзі жете берер

Осындай жұмыстар бар толып жатқан.


Көркемдік талдау.

Кейіптеу: қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан...

Теңеу: жыландай зәрін төгіп, бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан; түлкіше сол құйрығын бұландатқан; тоты құстай.

Құрылымдық талдау: 18 жолды, 11 буынды, 3 бунақты, қара өлең ұйқасы.

2. «Гүлшат-Шеризат» дастаны бойынша сұрақтарға жауап: 1. Дастанда оқиға қалай басталады?

2 Көркін патшаның аңға кетіп, арыстанмен алысып, жараланып өлгенін пайдаланып, қастандық жасаушы уәзірдің аты кім?

3. Паразхат қандай түс көреді?

4. Паразхат қызының есімін кім деп қояды?

5. Автор Гүлшатты қалай суреттейді? –

6. Гүлшат мен Шеризат қайда және қалай кездеседі?

7. Екі ғашықтың орталарына кімдер түсіп, қарсы болады?

8. Дастан қалай аяқталады. 9. Парахзат қандай мақсатпен таққа отырады?

10.Шеризаттың анасы қалай өледі және кім өлтіреді?

Ойын Қанша квадрат бар?

3. Әсет Найманбайұлының «Ер Шеризат» қиссасы мен «Гүлшат - Шеризат» дастанын салыстыру.

Осы сюжетке қазақтың ірі әнші - ақыны Әсет Найманбайұлы «Ер Шеризат» деген қисса жазған. Шығыс сюжетіне негізделген «Гүлшат - Шеризат» шығармасын өткен ғасырлардағы басқа да қазақ ақындары қисса-поэмаларымен байланыстыра алғаш зерттеген ғалым – Марат Бөжеев. Одан кейін бұл шығарманы басқа туындылармен байланыстыра сараптаған ғалым – Алма Қыраубаева.

Әсет Найманбайұлының «Ер Шеризат» пен «Гүлшат - Шеризат» дастандарының айырмашылықтары қандай?

4. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығына арналған тест тапсырмаларын орындау

Әдебиеттер: Көпейұлы М.Ж. Шығармалар жинағы. Көп томдық. - Алматы: Алаш, 2003. Кенжебаев Б. «ХХ ғ. басындағы әдебиет».- Алматы. 1993 ж. Коңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. — Алматы: Санат, 1994. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. — Алматы: Білім, 1998. Көпеев С. Ш. Мәшһүр-Жүсіп өмірі: Аңыз бен ақиқат. -Павлодар, 2000ж.

№ 3 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Нұржан Наушабайұлы шығармашылығы (1859-1919)

Негізгі қаралатын мәселелер:

1.XX ғасыр басындағы тарихи-мәдени процесс және ақын мұрасының зерттелу, жариялану деңгейі.

2.Нұржан өлеңдерінің тақырыптық аясы және көркемдік ерекшелігі. 3.Нұржан айтыстары, дастандары және мысал өлеңдері.

Тапсырмалар:

1. Нұржан мен Сапарғали айтысын оқу, талдау.

2.«Бозаман» дастаны мен «Өгіз бен есек», «Түлкі мен әтеш» мысалдарының мазмұнын талдай отырып, сюжет дәптерге түсіру.

Нұржан Наушабайұлы - XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген, қазақ әдебиеті тарихында шартты түрде «ағартушы», «кітаби» деп аталатын акындар катарында өзіндік орны бар болғанымен, шығармалары ғылыми айналымға тұтас енбей, сол себептен толық танылмай жүрген талантты акынның бірі. Ол 1859 жылы қазіргі Қостанай облысының Меңдіқара ауданында Аманқарағой деген жерде туды. Нұржан ақын ауқатты, әлді жерден шыққандықтан жасынан ел аралап, ән шырқайды, ит жүгіріп, құс салады. Б.Кенжебаев «Жас шағында өлеңге, ақындыққа көңіл қоймады: ел қыдырып, салдық қүрып жүреді... Тек отыз жасынан бастап қана өлеңмен айналысып, ақындық жолына түседі» - дейді.

Ақынның шешесі бір жасында қайтыс болып, ол әжесі Ағайманың тәрбиесінде болады. Азан шақырып қойған аты - Нұрмағанбет. Әжесі ерекелетіп Нұржан атап кеткен. Бозбала кезінде Бәтима деген қызға ғашық болып, ол бойжеткен кезінде қайтыс болыпты, соның күйігімен Нұржан 25 жасқа дейін бойдақ жүріпті. Кейіннен Нәзипа сұлуға үйленіп, одан үш бала сүйіпті: Сұлтанғазы, Дәмет, Үміт. Бұл ару да көп ұзамай қайтыс болып, он жылдай төсек жаңғыртпапты. Осы кезеңде өмір жайлы, оның өтпелілігі туралы, адамдар арасындағы қарым-қатынас, байлық пен кедейлік, жалғыздықтың қиындығы туралы өлең жазған.

Уа, тәңірі, құдіретіңе таң қаламын.

Соңынан ғашық жардың зарлатпасын,

Сыртым шоқ, ішім-жалын болды менің.

Сыртыма шығаруға арланамын.

Заман-ай, еркін қанат жайдырмайсың,

Не кедей, не белгілі бай қылмайсың.

Қызықтым отыз бесте дидарыңа

Работы которые могут быть Вам интерессными tipi-svyazej-mezhdu-funkciyami.html

tipi-svyazej-odin-k-odnomu-odin-ko-mnogim-mnogie-ko-mnogim.html

tipi-svyazi-ih-predstavlenie-na-er-diagramme.html

tipi-svyaziih-predstavlenie-na-er-diagramme.html

tipi-svyazi-mezhdu-chasticami-v-kristalle.html

tipi-svyazi-predlozhenij-v-tekste.html

tipi-svyazi-slov-v-slovosochetanii.html

tipi-svyaznosti-dlya-funkcij-i-dannih.html

tipi-ta-funkcії-polіtichnih-elіt-u-suchasnomu-suspіlstvі.html

tipitaka-samyutta-nikaya-sn-56.html

tipi-ta-rіznovidi-semіnarskih-zanyat.html

tipi-tehnologіchnih-procesіv-avtomatizovanogo-obroblennya-ekonomіchnoї-іnformacії.html

tipi-tehnologіchnoї-polіtiki.html

tipi-tekstovoj-stroki.html

tipi-teloslozheniya-ih-osnovnie-kriterii.html

tipi-temperamenta.html

tipi-temperamenta-ih-psihologicheskaya-harakteristika.html

tipi-temperamenta-i-ih-psihologicheskaya-harakteristika.html

tipi-temperamenta-i-ih-psihologicheskie-harakteristiki.html

tipi-temperamenta-lichnosti.html

tipi-temperamenta-po-metodike-tart.html

© domain.tld 2017. Design by Design by toptodoc.ru


Автор:

Дата:

Каталог: Образовательный документ