Тест тапсырмалары




1. Мәшһүр Жүсіп Көпеев қазақтың көптеген білікті адамдарымен кездескен. Соның бірі- атақты ...

А) Балуан Қажымұқан

В) С.Мұқанов

С) Ш.Жәңгірұлы

Д) Түрколог-ғалым Радлов

Е) Шәкәрім

2. М.Ж.Көпеевтің 1886-1896жж. аралығында білім алған қалалары-

А) Бұхара-Ташкент

В) Ташкент-Орынбор

С) Бұхара-Павлодар

Д) Семей-Омбы

Е) Ташкент-Қазан

3. М.Ж.Көпеев 1907ж.»Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендікі туралы»,» Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын қай қаладағы Хұсайынов баспасында бастырып шығарады?

А) Қазан қаласында

В) Омбы қаласында

С) Ташкент қаласында

Д) Бұхара қаласында

Е) Семей қаласында

4. М.Ж.Көпеевтің «Мәшһүр» аталу себебі:

А) Ақындық талантына байланысты

В) Ағартушылық-публицистикалық шығармаларына байланысты

С) Ел сөзін жинаушы, фольклорист ретінде кең танылуына байланысты

Д) Жазушылық қызметіне орай

Е) Редакторлық қызметіне орай

5. М.Ж.Көпеевтің айтулы қолжазбасы

А) «Мес»

В) «Оянған өлке»

С) «Бақытсыз Жамал»

Д) «Ауырмай есімнен жаңылғаным»

Е) «Оян, қазақ»

6.М.Ж.Көпеев 1889-1894жж. аралығында оннан астам проблемалық материалдар жариялаған газет-

А) «Дала уәлаяты»

В) «Түркістан уәлаяты»

С) «Қазақ» газеті

Д)»Айқап» журналы

Е) «Алаш» газеті

7. М.Ж.Көпеевтің «Ақбала мен Боздақ» айтысында не туралы айтылған?

А) Өліп қалған адаммен тілдесу туралы

В) Туған жер туралы

С) Қыз бен жігіт, махаббат, сезім, туралы

Д) Адамгершілік туралы

Е) Оқу, білім туралы

8. М.Ж.Көпеев Бұхараға, Ташкентке, Түркістанға қанша рет сапар шекті?

А) Үш рет

В) Бір-ақ рет

С) Бірнеше рет

Д) Барған жоқ

Е) Төрт рет

9. «Мес» жинағындағы асыл қазынаны бірінші рет барлық ынтасын салып көшіріп халыққа ұсынған ғалым-

А) С.Дәуітов

В) С.Мұқанов

С) М.Әуезов

Д) Ш.Уәлиханов

Е) Б. Кенжебаев

10. М. Ж.Көпеев «Адам екі түрлі» атты өлеңінде адамды неге теңейді?

А) Терекке

В) Тасқа

С) Гүлге

Д) Қарғаға

Е) Қойға

11. М.Ж.Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңінің кейіпкерлері

А) Бұлбұл мен қаршыға

В) Жолаушы мен айдаһар

С) Шайтан мен Ғайса

Д) Тырна мен қасқыр

Е) Әкімбек пен Момын

12. М.Ж.Көпеевтің қай өлеңінде салақ, әрі ұйқышыл әйелдің үй-тұрмысы суреттеледі?

А) «Кедей болар кері кеткен, ұйқысы мол»

В) «Жалқаулар туралы айтқаны»

С) «Дүниеге көңілі қалғандықтан сөйлеген сөзі»

Д) «Салдым айғай»

Е) «Салақ әйел»

13. М.Ж.Көпеев қай өлеңінде «Адамның кеудесі – үй, қапас-жүрек» дейді?

А) «Бұл біртүрлі сөйлегені»

В) «Дүниені дойбының ойынына балап жазғаны»

С) «Ағайын»

Д) «Салдым айғай»

Е) «Момынның әйеліне шығарғаны»

14. М.Ж.Көпеевтің «Шайтанның саудасы» атты өлеңінде шайтанның базарға сатар жүгі не болды?

А) Айла, күншілдік, тәкаппарлық

В) Киім, тамақ, мал

С) Алтын, күміс

Д) Мейірімділік, әділдік, шыншылдық

Е) Дұрыс жауабы жоқ

15. Мәшһүр Жүсіп Көпевтің қай өлеңінде сарт есегін ұрлатады?

А) «Аңқау адам туралы»

В) «Ағайын»

С) «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді»

Д) «Адам екі түрлі»

Е) «Жалқаулар туралы айтқаны»

16. «... Жыландай зәрін төгіп сорып жатқан, Бас салып мұңлы-зарлы кем-кетікті. Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан,» - деп Көпеев өлеңінде кімді айтады?

А) Әкімдерді

В) Кедейлерді

С) Қазақ халқын

Д) Молдаларды

Е) Ресей патшасын

17.М.Ж.Көпеев өлеңінде дүниені неге балайды?

А) Дойбының ойынына

В) Шахмат ойнына

С) Көкпар ойнына

Д) Асық ойнына

Е) Тағдыр тәлкегіне

18. М.Ж.Көпеевтің «Айтыс» өлеңінде ақынды жеңген құс?

А) Тырна

В) Қарға

С) Көгершін

Д) Тоты

Е) Дұрыс жауабы жоқ

19. «Қарқабат» жырының М.Ж.Көпеев жасаған нұсқасы?

А) «Гүлшат-Шеризат»

В) «Қамар сұлу»

С) «Жарты нан»

Д) «Көз көрелік»

Е) «Қалың мал»

20. М.Ж.Көпеевтің «Гүлшат-Шеризат» дастанындағы Шеризатқа қастандық жасаушы кейіпкер-

А) Парахзат

В) Қожа Сағит

С) Гүлшат

Д) Ақтар

Е) Маһрасар

21.М. Сералиннің бізге келіп жеткен поэзиялық шығармаларының бірі.

A. « Киіктің зары»

B. «Топжарған»

C. «Гүлкәшимә»

D. «Рүстем-Зораб»

22.«Киіктің зары» дастанының көшірсмесін кім, қай жылы жасаған?

A. Р.Сералықызы 1948жылы 20 шілдеде

B. Б.Кенжебаев 1950жылы 25 тамызда

C. С.Зиманов 1974жылы 13 ақпанда

D. Т.Әбдірахманов 1965жылы 24 қазанда

23. «Киіктің көз жасы» дастанындағы кейіпкерлер қатарына жатпайды?

A. Таман

B. Мұхаммед пайғабар

C. Жәбірейіл

D. Киік бейнесі

24. Қаталдыққа жаны қас, зұлымдыққа қарсы күреске даяр, мейірімді тұлға. «Киіктің зары» дастанындағы қай кейіпкерге берілеген сипаттау?

A. Мұхаммед пайғамбарға

B. Киікке

C. Жәбірейілге

D. Дұрыс жауабы жоқ

25. «Киіктің зары» дастанындағы надан, қатігез әрі жағымсыз кейіпкер?

A. Жөйіт

B. Киік

C. Жәбірейіл

D. Барлық жауабы дұрыс

ГЛОССАРИЙ

Терминдер Терминдердің түсіндірмесі
Аллитерация Дауыссыз дыбыстардың қайталануы
Аллоним Өз есімін тастап, өзге бір есімді бүтіндей иелену, лақап ат М: Қоңыр –М.Әуезов, Әкім Тарази- Ә.Әшімов, Сандуғаш Адаева-Ф.Оңғарсынова
Альманах Белгілі бір сипатына қарай топтастырылған әдеби шығармалардың жинағы
Анаграмма Әріптердің орнын алмастыру арқылы жасалған бүркеншік ат М: М.Әлімбаев-«Мәлім», Қ.Мырзалиев-«Мырза Әли»
Ананим Бүркеншік аттың бір түрі М: Иван Крылов-«Нави Волырк»
Анафора Әдепкі қайталау
Антитеза Шендестіру
Ассонанс Дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы
Әсірелеу Шамадан тыс асырып айту
Баллада Лирикалық сарындағы ұзақ өлең
Градация Дамыту
Гротеск Шендестіруге құрылған әжуа түріндегі көркем бейнелеу тәсілі
Ғазал 12 бәйіттен түзілетін бірыңғай ұйқасы бар өлең
Ғақлия Нақыл сөздің бір түрі
Дидактикалық поэзия Үгіт-насихаттық, өсиет сарынды өлең
Диуан Классикалық түркі тілдес поэзияда қолжазба күйіндегі жинақ
Жанр Әдеби шығармалардың жеке түрлері
Эпиграмма Жеке адамға арналып айтылатын сықақ өлең.
Каламбур Поэзия тіліндегі ерекше тапқырлық, қиыстыра білу тәсілі
Калька Бір тілдегі сөзді басқа тілге дәлме-дәл аудару
Канондық текст Түзетіп қайта бастыру
Композиция Әдеби шығарманың құрылысы
Көсемсөз (публицистика) Қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын сала
Коллизия Қақтығыс, шығарма ішіндегі шағын тартыстар
Қасида Мадақтау өлең
Қисса Өлеңмен жазылған ертегі-хикая
Либретто Опера, балет қойылымдарының қысқаша мазмұндамасы
Метафора Ауыстыру
Прототип Өмірде болған адамның кейіпкер бейнесін жасауға тірек болуы
Новелла Көлемі шағын прозалық шығарма
Мысал Өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін сюжетті, шағын көлемді өлең түрінде келетін көркем шығарма
Памфлет Саяси топ жетекшілерін әшкерелейтін сатиралық шығарма
Плагиат Біреудің шығармасын иемдену, ұрлап пайдалану
Сал-сері Әнші, күйші, сазгер, би, спортқа бейімді ерекше өнер иесі
Серенада Ғашығына жолығуға кездесуге шақыратын кешкі ән-өлең
Сюжет Өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі
Текстология Тексті түп нұсқасымен салыстырып тексеретін сала
Шайыр Ақын, орындаушы
Шенеу Ащы мысқыл, кекесін, сықақ, келеке
Эпистолярлық әдебиет Хат түрінде жазылған көркем шығармалар
Эллегия Мұңды лирикалық өлең

Дәріс № 1-2

Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

Жоспары:

1. ХХ ғасыр басындағы саяси - әлеуметтік жағдай және ұлттық мәдениеттің дамуы.

2. Оқу-ағарту ісі (қадімше және жәдитше оқыту).

3. Ұлттық баспасөздің тууы, қалыптасуы және дамуы

4. Кітап бастыру ісі.

5.Көркем әдебиеттің дамуы (поэма, проза, аударма, көсемсөз жанрларының өркендеуі, драматургия жанрының қалыптасуындағы қадамдар, әдеби сынның қалыптасуы мен дамуы.)

6. Әдебиеттің даму бағыттары (діни-ағартушылық, ағартушы-демократтық бағыттар)

Тірек сөздер:поэма, проза, аударма, көсемсөз, драматургия, әдеби сын.

Иллюстрациялық материалдар: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті (хронологиялық таблица), Қазақстан тарихы (деректі бейнефильм)

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 1907 жылы үш бірдей жинағы (Қазан, «Хал-ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарыарқа кімдікі екендігі») оқырмандар колына тиді. 1909 жылы Санкт-Петербургте ұлы Абайдың өлеңдері мен А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» атты кітабы жарық көрді. Осы жылы Қазан қаласында М. Дулатовтың атақты «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы басылып шықты. Кейіннен «Бақытсыз Жамал» романы, «Азамат» және «Терме» атты шығармалары жарық көрді. Ғ. Қараштың «Бала тұлпар» (1911), «Карлығаш» (1911), «Тумыш» (1911), «Аға тұлпар» (1914), «Тұрымтай» (1918) атты өлеңдер кітабы іркес-тіркес жарық көрді. Нұржан Наушабаевтың «Алаш» (1910), Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911), Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан» (1912), Бекет Өтетілеуовтің «Жиған - терген» (1914), Сәкен Сейфуллиннің «Өткен күндер» (1914), Сәбит Дөнентаевтың Уфада «Уақ-түйек» (1915) жинақтары дүниеге келді. XX ғасырдың басында идеялық мазмұны жағынан басым жырланғаны – саяси-әлеуметтік өлеңдер. XX ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік лириканың негізгі арқауында «Алаш елі - қазақ халқы» ұғымы тұрақты орын алды. «Ұранымыз — Алаш, керегеміз — ағаш» атты халықтық ұстанымды саяси бағдар етті. Поэма жанры да биік белеске көтерілді. Мұхаметжан Сералиннің «Топжарған» (1900ж.), «Гүлһашима» (1903 ж.), Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Таныстыру» (1918), «Адасқан өмір» (1918), «Кедей» (1919), «Қайғы» (1919), Ығылман Шөрековтың тарихи реалистік суретке толы «Исатай-Махамбет», Шәді Жәңгіровтың «Назым чәһар дәруіш» (1913), «Ресей патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқының ахуалы» (1912), «Тарихнама», «Ибраһим пайғамбардың хикаясы», «Назым Сияр Шәриф немесе Пайғамбардың ақ жолы туралы», Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат- Шеризат», «Жер мен көк», «Хаятбақшы», «Миғраж», «Қиямет күн», «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы», Шәкерім Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу», «Ләйлі-Мәнжүн» дастандары.

Драматургия: 1914 жылы Семейде өткен әдеби кеште Біржан- Сараның сахналанған көрінісі, Атбасарда 1916 жылы М. Дулатовтын «Бақытсыз Жамал» романы сахнаға қойылған. Ал Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы (1917 ж.) - қазақтың алғашқы сахналық қойылымы. Б.Серкебаевтың «Бақсы», «Ғазиза» (1912), И. Меңдіхановтың «Малдыбай» пьесалары, Әкірам Ғалымовтың «Май мәселесі» (татар тілінде жазған, 1913) комедиясы, Көлбай Тоғысовтың «Надандық кұрбаны» (1915), Жүсіпбек Аймауытовтың «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия-Шәрбану» (1916- 1917), «Ел корғаны», «Шернияз», «Сылаң қыз» (1920-1925), Сәкен Сейфуллиннің «Бақыт жолына» (1918), «Қызыл сұңкарлар» (1922), Мұхтар Әуезовтің «Бәйбіше-тоқал» (1918), Қошке Кемеңгерұлының «Әулие тәуіп» (1918), «Бостандык жемісі» (1919), «Қасқырлар мен қойлар» (1920), «Алтын сақина» (1923), Жұмат ІІІаниннің «Арқалық батыр» (1923 - 1924), «Торсықбай қу» (1924) секілді драмалық шығармалары дүниеге келді.

А.Сорокиннің «Жусан» әңгімесін Мұхаметжан Сералин, «Ұғылмай қалған өлең» әңгімесін Асылбек Сейітов, Л. Толстойдың «Ілияс», А.П. Чеховтың «Қара қарға» әңгімесін Ахмет Баржақсин, И.С. Никитиннің «Сәскелік көлдің жағасында», А.С.Пушкиннің «Пайғамбар» өлеңін К. Кемеңгеров, М.Ю. Лермонтов шығармаларын Азамат Алашұлы мен Серікқали Жақыпұлы аударған. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Мұхаметжан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов, Елеусін Бұйрин және т.б. орыс, татар, шығыс тілдеріндегі шығармаларды қазақшалаған. Бекет Өтетілеуов аударма саласына көп қызмет еткен. Оның «Дүние ісі ахыретке кетпес» (1912), «Жиған-терген» (1914) кітаптары негізінен аударма туындылардан тұрады. М. Дулатов Бичер Стоудың «Том ағайдың лашығын», Ә. Бөкейханов А.П. Чеховтың «Хамелеон» әңгімесін қазақшаға аударды. ХХ ғасыр басындағы қазақ романдары: «Бақытсыз Жамал», «Қыз көрелік», «Қалың мал», Мұңлы Мәриям», «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» т.б.

Алғашқы әдеби сындар ХХ ғасыр басында жаңа сапалық қырынан өрісін кеңейтті. Міржақып Дулатовтың «Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан», «Хазірет Сұлтан», «Григорий Николаевич Потанин», «Абай», Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны», Мұхаметжан Сералиннің «Тәржіман» газетінің редакторы И.Гаспринскийдің еңбектері туралы, Мұстафа Шоқайдың «Әубәкір Диваев» сынды мақалалары ғылыми дәйекті көзқарастарымен, мол деректілігімен ұлттық әдебиеттанудың негізіне тұғыр болып қаланды. Жеке шығармашылық тұлғалар жөніндегі еңбектердің ішінде Жүсіпбек Аймауытовтың (Мұхтар Әуезовпен бірігіп жазған) «Абайдың өмірі мен қызметі», «Абайдан кейінгі ақындар», Әлихан Бөкейхановтың «Қара қыпшақ Қобыланды» мақалалары әдебиет тарихында кесімді орын алады.

Дәріс № 3-4 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы

(1858-1931)

1.Шығармашылық өмір жолы

2.Ақындық арна дәстүрлері

3.Дастандары. («Гүлшат-Шеризат», «Жер мен көк», «Хаятбақшы» «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы» дастандары)

4.Мәшһүр - Жүсіп - қазақ ауыз әдебиетін жинаушы және зерттеуші.

5.Мәшһүр – Жүсіп мұрасының зерттелу жайы

Тірек сөздер: дін, дастан, Пайғамбар, шығыс әдебиеті.

Иллюстрациялық материалдар: слайд,газет материалдары.

Төңкеріске дейінгі қазақ қаламгерлері ішінде ең көлемді мұра қалдырған ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы, Баянауылдағы Қызылтаудың Найзатас деген жерінде Көпей (Көпжасар) шаңырағында дүниеге келді.

Ә. Марғұлан: "Мәшһүр Жүсіп - ақындықтан басқа ғалым адам. Күншығыс, араб, парсы халқының тарихын, фәлсафасын жақсы білген. Химия, физика, астрономия ғылымдарынан жақсы хабары болған. Мәшһүрдің бұл сияқты терең ғылымдармен танысуына көз болған, көбінесе атақты Әбу Әли Сина, Әл-Фараби сияқты орта ғасырдағы бұқара ғалымдарының шығармалары және араб, фарсы, түрік кітаптарын көп оқыған. ... Мәшһүр Жүсіп жинаған тарих, әдебиет материалдары өте бағалы", - деп, оны жоғары бағалайды. [1,263].

1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. шаһарларға сапарға шығады. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі, өз­бек, тәжік, тілдерін үйренеді. әдет-ғұрпымен танысады.

Мәшһүр Жүсіптің «Сары­ар­қаның кімдікі екендігі», «Хал-ахуал», «Тір­ші­лікте көп жа­сағандықтан көрген бір тама­шамыз» ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құ­са­йы­н­ов­тар бас­па­хана­сынан жарық көреді.

Бұл өлең кітаптары - көшпелі халық тіршілігін жырлаған, өз уақытында көпке үлгі-өнеге шашқан дүниелер. Ақын аталмыш кітаптарында қазақтардың әлеуметтік жағдайын егжей-тегжейлі баяндап, шынайы суреттеген. Отаршылардың, ең алдымен, қазақ халқының ұлттық санасы мен ар-намысына балта шабуды көздеу саясатын, тілі мен діліне деген қиянатын батыл сынады. «Баста билік жоқтықтан тырп ете алмай, Өлгенге ас бере алмадық, туғанға той»,- деп халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-санасының сағын сындыру бағытындағы орыс отаршыларының келеңсіз әрекеттерін ашына жазды.

М.Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат-Шеризат», «Миғраж», «Жер мен көк», «Әдһәм диуана және Ибраһим», «Пайғамбардың дүниеден өтуі», «Хаятбақшы», «Миғраж», «Қиямет күн» және т.б. дастандары бар.

Мәшһүр-Жүсіп өмірі мен мұрасының зерттелуін мәшһүртанушы ұрпақтары шартты түрде 5 кезеңге бөліп карастырады:

Алғашқы кезеңі етіп 1890-1931 жылдар аралығын алады. Оның бастауында тұрған - «Дала уалаяты» газетінің 1890 жылғы 11 мамырдың 19 санында жарияланған Мұхаметғали Толыбайұлының Мәшһүр материалдарына арналған мақаласы мен осы газеттің 1892 жылғы 20 қарашадағы 47 санында Мәтен Ботбаевтың мақаласы. Бұл мақалаларда Мәшһүр Жүсіптің зерттеушілік, фольклоршылдық, публицистік қызметтері жайлы айтылған. Аталмыш мақалаларды зерттеуші Ү. Субханбердина «Дала уалаятының газеті» атты библиографиялық көрсеткіште қазақ кирилицасына түсіріп жариялаған ( 5-кітап.-Алматы: Ғылым, 1995.-216 б.). 1919 жылы Омбы қаласында шығатын «Трудовая Сибирь» журналында басылған «Киргизская литература» мақаласында Смағұл Садуақасов: «Қазақ әдебиетінің ауызша кезеңі ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін ұласып келді. Тіпті суырып салма ақындар қазіргі кезде де баршылық. Дегенмен, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің тарихында жаңа жазба дәуірі арна тартты. Жазба әдебиеттің негізін салушы «Мәшһүр» деген атаққа ие болған Мәшһүр Жүсіп пен Абай Құнанбаев деп көрсетеді.

Екінші кезеңі М.Ж. Көпейұлының 1931 жылы қайтыс болғанынан кейін басталады, яғни 1931-1947 жылдар аралығы.

Мәшһүртанудың қызу талқылауға түскен үшінші кезеңі 1947-1959 жылдар аралығын қатиды. Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің 1947, 1957 жылдардағы қаулылары шешімімен талай қазақ зиялылары ұлтшылдықпен айыпталынып, саяси қудалауға ұшыраған болатын.

Мәшһүртанудың қызу төртінші кезеңінде (1959-1988 жылдар) оның еңбектерін жеке кітап етіп шығаруға, арнайы зерттелуіне рұқсат берілмеді.1969 жылдарға дейін бұл мәселе шешімі табылмай тоқталып қалғанымен, кейіннен аз-аздап болса да айтылып, насихаттала бастады.

Мәшһүртанудың бесінші кезеңі 1988 жылдан басталды. Оның басталу шартын тудырған 1986 жылдан кейін қоғамымызда болып өткен саяси, рухани өзгерістер.

Әдебиеттер: 1. Көпейұлы М.Ж. Шығармалар жинағы. - Алматы: Алаш, 2003.

2.Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. — Алматы: Білім, 1998.

6.Көпеев С. Ш. Мәшһүр-Жүсіп өмірі: Аңыз бен ақиқат. -Павлодар, 2000.

Дәріс № 5-6

Мақыш Қалтайұлы шығармашылығы (1869-1916)

1.Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы.

2.Мақыш мұрасын тану мәселелері.

3.Мақыш поэзиясының тақырыптық, мазмұндық өрісі.

4.Ақын мысалдарының даралық сипаты.

5.Мақыш аудармаларының ерекшеліктері.

Тірек сөздер: аударма,публицистика.

Иллюстрациялық материалдар: слайд,интернет материалдары.

Мақыш Қалтайұлы сол кездегі әкімшілік аймақ бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынған Ақмола уезінің Жайықбаев болыстығына қарайтын Қараөткелде 1869 жылы туған.

Мақыш Қалтайұлының «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы» (1907), «Біраз ғибрат сөз...» (1910), «Қазақтың айнасы» (1910), «Насихат қазақия» (1911), «Бар оқиға» (1912), «Тура жол» (1912) атты жинақтары Қазан қаласындағы баспаханада жарық көрген. Мақыш аудармамен де айналысып, З.Каримидің «Айна» (1913), Ұ.Рашидидің «Сақ уа сұқ халдері» (1913) атты кітаптарын қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ «Тұрмыш» атты қолжазба журнал да шығарған. Өзінің саяси-қоғамдық, ағартушылық ойларын баспасөз беттерінде «Жолсыз газеттеріміздің бірі», «Газетаның керектігі хақында» атты мақалалары арқылы білдіріп отырған.

Мақыш Қалтайұлының «Ғылым үйрету парыздылығы», «Орысша оқу керектігі», «Ғылым әдептері», «Бар оқиға», «Сахарадағы мешіттер», «Оқу парыз балаларға», «Басқа жұрттар қандай халде», «Өз пайдамызды білмейміз» сияқты өлеңдері жаңашылдықты насихаттайтын ағартушылық идеямен жазылған.

- Мақыш Қалтайұлы артына елеулі әдеби және публицистикалық мұра

қалдырған, жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ әдеби-тарихи процесінде өзіндік қолтаңбасы және ақындық болмысымен ерекшеленетін қаламгер;

- Мақыш қазақ әдебиетінде Абай негізін салған сыншыл реалистік бағытты жаңа идеялық негізде жалғастырушы;

- М.Қалтайұлы қазақ ағартушылығына бүкіл шығармашылығымен үн қосып, милләтшілдік өлеңдерімен ұлтты оятуға ұмтылған ақын;

- ол жәдидшілдік бағытты барынша қуаттап, өлеңдерімен насихаттап, осы жүйеде бала оқытқан жәдидшіл ағартушы ұстаз;

- Мақыш мысал өлеңдері арқылы қазақ мысал жанрының дамуына, идеялық-мазмұндық жағынан жетілуіне үлес қосқан ақын;

- М.Қалтайұлы өз кезеңінің өзекті мәселелерін баспасөз бетінде («Айқап» журналында ) мақалалары арқылы көтеріп, қолжазба журнал шығарып, ел ішіне таратқан қаламгерлік қызметімен де танылды.

Дәріс № 7-8

Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы (1855-1933)

1.Ата-тегі, өскен ортасы жайлы.

2. Қисса – дастан, поэмалары, олардың тарихи – сюжеттік негіздері.

3. «Төрт дәруіш» дастаны, «Орқа - Күлше» дастаны, «Ресей патшалығында Романов нәсілінен хумырнамалық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқының ахуалы», «Назым Сияр шариф немесе Пайғамбардың ақ жолы туралы», «Абылай», «Ибраһим пайғамбардың хикаялары» дастандары.

Тірек сөздер: дін, дастан, Пайғамбар, шығыс әдебиеті.

Иллюстрациялық материалдар: слайд,газет материалдары.

«Шәді Жәңгірұлы – шығыс классикалық әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін жете меңгерген ақын, есімдері әлемге мәшһүр шығыс шайырлары поэзиясындағы дәстүрлі тақырыптар мен сюжеттерді, гуманистік, ағартушылық мотивтерді өзінше жырлап, мазмұн мен түр жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, төлтума шығармалар жазған дарынды қаламгер». (Келімбетов Н. «Шәді Жәңгіров кітапта: ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А, 1994, 36б).

1876 жылы Ташкентке барып, Орта Азия ақындары мен ғұламаларынан дәріс алады. Шығыс әдебиетін зерттейді. Ол Ташкент медресесінің бірінде 7-8 ай оқыған соң оны тастап, Бұхарадағы Көкілташ медресесіне түседі. Шәді Бұхарадағы «Көкелташ» медресесін бітіріп, сол кездегі өзбек, түрікмен, қарақалпақ шайырларының көбімен достасыпты. Дін жолын қоса үйретбтін медреседе оқыса да Шәдінің ақындық мінезі мұқалмай, өткір, сыншыл тілі жасымай өседі. Оған сол кездегі өзімен тұстас дүмше молдагар мен сараң байларға арнаған өлеңдері кепілдік істеді. «Шәдінєң ақындық дәуірі де осы медреседе оқып жүрген кезінен басталады» (Қ.Әбдіқадыров).

1877 жылы әкесі Жәңгір, көп ұзамай анасы Мәуіті дүние салады. Енді үй ішінің бар тауқыметі Шәдінің мойнына түседі. Осы кезде ол зергерлікпен айналысқан. Созақ, Түркістан өңірінде белгілі зергер атанған.

1931 жылы ауыл белсенділері Шәдіні молда деп айыптап, Марғұланға жер аудартады. Асан Қатыпұлы дейтін жиенінің қолында тұрып, 1933 жылдың 12 қыркүйегінде қайтыс болады.

Ол көп жазған, кітаптары көп басылған ақын.«Қисса Бәлғәм Бағур», «Хайбар қиссасы» Қазан. Б.Л.Домбровский баспасы. «Назым чәһар дәруіш». Бірінші басылуы Ташкент Х.Ғ.Ғарифжанов баспасы. 1913 ж. 192 бет.

Ол дастандарын Ташкент, Қазан, Орынбор қалаларында бастырып шығарады. Шәді барлығы үлкенді-кішілі 18 – ден астам дастан, поэма, бірсыпыра ұсақ өлеңдер жазып бастырған ақын. Оның жазған шығармаларының жалпы мөлшері 60 мың жолдай өлеңнен тұрады, соның 53 мың жолы (75 баспа табақ) ақынның тірі кезінде басылып шыққан.

Дәріс № 9-12

Шәкерім Құдайбердіұлы шығармашылығы (1858-1931)

1. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірбаяны. Абай тәрбиесі, шығысқа бет бұруы, әлем әдебиеттерімен танысуы.

2. Лирика жанрын дамытудағы еңбегі, тақырыптық, көремдік деңгейі.

3.Поэма жанрына қалам тартуы («Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу», «Ләйлі-Мәнжүн» дастаны).

4. Проза жанрындағы еңбектері: «Әділ-Мария» романы, тақырыбы, мақсаты, кейіпкерлері, көркемдік шешімі.

5. Аударма саласындағы еңбегі: А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» шығармаларын аударуы. Толстойдың әңгімелерін аударуы, басқа аудармалары.

6.Шәкәрім – тарихшы, философ. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» еңбектері.

Тірек сөздер: Абай, Ахат, дін, лирика,поэма, аударма, проза.

Иллюстрациялық материалдар: слайд, бейнефильм «Шәкерім».

Шаһкәрім (Шәкәрім) Құдайбердіұлы (1858-1931) - қазақ халқының кемеңгер перзенті, ақын, ойшыл, тарихшы, аудармашы һәм композитор. Немере ағасы ұлы Абай салған соқпақпен жүріп, оның ісін жалғастырған ізбасары.

Кітаптары «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» Орынборда 1911 жылы басылды, «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы, «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек» поэмалары Семейде 1912 жылы жарық көрді. «Ләйлі–Мәжнүн» (Физули) поэмасы С. Сейфуллиннің алғы сөзімен 1936 жылы Алматыда шықты; Пушкиннен аударған «Дубровский» романы 1924 жылы Семейде басылса, «Боран» повесінің аудармасы «Әдебиет майданы» журналының 1936 жылғы 2-санында жарық көрді.

1929-30 жылдары 70 жастың өріне шыққанда артқыға арнаған «Мұтылғанның өмірі» атты өмірбаяндық жырында тағдыр тепкісін, өмір суығын көп көрген ақын «Өмірім суық бәріңе, Шыдамассың зәріне» деп ескерткен еді. Шыны солай болды. 1930-шы жылдардың басында «халық жауы» деген жазықсыз да жолсыз жазамен отыз жылдай ойшыл ақынның сөзі – тұтқында, тәні – құдықта қалды. Есімі халыққа аянбай еңбек еткен асыл адамдар қатарынан мүлде сызылып тасталды. Ұмытылды. Ақын алғаш рет саяси «жылымықта», 1958 жылы, ақталды да бір топ өлеңдері «Қазақ әдебиеті» газетінің 1959 жылғы бір санында өлеңдері мен шығармашылығы туралы мақала жарияланды. 1978 жылы Ленинградта «Қазақстан ақындары» атты жинақта (Мұхтар Мағауин) бірнеше өлеңдері алғашқы рет орысша басылды. 1988 жылы Шәкәрімнің шығармаларының жинағы жарық көрді. Оған ақынның 164 өлеңі, 4 поэмасы, 3 прозалық шығармасы, үлкенді-кішілі 18 аудармасы енді.

Дәріс № 13-14

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы (1893-1920)

1. Ақын өскен орта, білім жолында, алғашқы ақындық адымдары.

2.«Айқаптағы» және «Айқаптан» кейінгі шығармашылық өмір жолы.

3. Ақын мұрасын жинаушылар мен зерттеушілер. Лирикалары.

4. «Кедей», «Адасқан өмір» поэмаларының көтерген тақырыбы, жанрлық, көркемдік ерекшелігі.

5. «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларының табиғаты.

6. Романдары «Қамар сұлу», «Кім жазықты» және ұсақ әңгімелері «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Зарландым».

7. Көсемсөз саласындағы мақалалары: «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Өлең мен айтушылары», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қандай».

Сұлтанмахмұт 1893 жылы 29-октябрьде Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып, 4-5 жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауылында өседі. Ақынның арғы атасы –Торайғыр би, ел аузында аты аңызға айналған, көптеген шешендік, билік сөздері халық жадында сақталған адам. Ақынның өз әкесі Әубәкір, аты ұмытылып, Шоқпыт атанған момын шаруа.

Ақынның ең алғашқы «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам». Сұлтанмхмұт 1912 жылы Троицкіге оқуға аттанады. «Махмұт 1912 жылы 9 сентябрьде туған жермен қош айтысып, оқу іздеп, жол шегеді. Ай жүріп, Омбыға жетеді. Әркімнен сұрастырып, отарбаны тауып алады. Бұрын жол көрмеген салқам –салақ ауыл баласы жолда киімінен, кітаптан айырылып, әрең дегенде Троицкі шаһарына жетеді»(Жүсіпбек. Торайғыр ұлы Сұлтанмахмұт. Алматы, 1933 13-бет) «Айқап» журналының редакциясымен тығыз байланыс жасау жас таланттың жігерін жанып, ынталы творчестволық іске жетелейді. «Түсімде» (1913,№1), «Бұлар кім» деген өлеңдері мен «Өлең һәм айтушылар» мақаласын, «Қамар сұлу» романын жазып бастырады.

1914- 1916 жылдары ақын ел жақта бала оқытумен айналысады. 1915 жылы «Кім жазықты» романын жазды. Әуелі «Әжібай болыс» деп атап, кейін «Кім жазықты» деп өзгерткен. «Таныстыру» поэмасы 1917 жылдың күзі мен 1918 жылдың қысында Абай елінде болған кезде жазған. Поэма қара қазақ пен оқыған зиялы адамның диалогына құрылған. «Адасқан өмір» 1918 жазылған, алғаш рет Қазан қаласында жарияланған. С. Торайғыровтың «Адасқан өмір» шығармасымен үндес, өзектес туындысы «Кедей» (1919) поэмасы. С.Торайғыров өмірінің ақырында жазып, аяқтай алмай кеткен шығармасы - «Айтыс».

Ж.Аймауытов 1933 жылғы ақын жинағын дайындауда ақынның әкесі Әбубәкірден барлық қол жазбаларын, хаттарын, қойын кітапшаларын алып, соның негізінде ақын өмірбаянын жазған. 1933 жылы ақын жинағын бастырып шығарады. Кейіннен Ж.Аймауытов Сұлтанмахмұтқа арнап «Шернияз» драмасын жазады. Ж.Аймауытовтан кейін ақын өмірі мен шығармашылығына көп көңіл бөлген ғалым Б.Кенжебаев. (Арап Еспенбетов. С.Торайғыров.Монография.Алматы,1992»).

Дәріс № 15-16

Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы (1873-1937)

Жоспары:

1. Өмір жолы, қоғамдық-саяси істерге араласуы. «Қазақ» газеті.

2. Зерттелуі: ахметтанудағы алғашқы ізденістер, 1990 жылдардан бергі

кезеңдегі зерттеулер.

3. Ақын өлеңдерінің тақырыптық, көркемдік аясы. «Маса» жинағы.

4. Мысал өлеңдері. «Қырық мысал» жинағы.

5. Қазақ әдебиеті мен тілін, ауыз әдебиетін зерттеуі.

6. Көсемсөз саласындағы еңбегі.

Тірек сөздер: «Қазақ» газеті, Алаш, көсемсөз, фольклор, әдебиет теориясы.

Иллюстрациялық материалдар:Фильмдер:1994 - «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров Жанр: «Деректі фильм» Өндіріс: «Қазақтелефильм» 2009ж.

Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың «рухани көсемі» (Мұхтар Әуезов) Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 15 ақпанда бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысында, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келді.

Ол – қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. 1882-84 жылдары ауыл мектебінде, 1890-91 ж. Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде оқиды.1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.

А.Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды.

Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, 1913 жылы Орынборда тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.

Ахмет Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді.

Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынов ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді.

Дәріс № 17-18

Міржақып Дулатұлы шығармашылығы (1885-1935)

Жоспары:

1.Шығармапшылық өмірбаяны.

2.Ақындығы. «Оян, қазақ», «Азамат» жинағы. Өлеңдерінің тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктері.

3.Мысал, айтыс, баллада, драма, аудармалары. («Жұмбақ», «Қара құс һәм адам», «Бүркіт кегі», «Балқия»).

4.Мақалалары мен зерттеулері. «Біздің мақсатымыз», «Хан Абылай», «Абай», «Шоқан», «А.Байтұрсынов», «Қазақ, қырғыздың аты, тегі».

5. «Бақытсыз Жамал» - қазақтың тұңғыш романы.

Тірек сөздер: роман, айтыс, баллада, драма, аударма.

Міржақып Дұлатұлы - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, драматург, жалынды көсемсөз шебері, Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі. Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы ( Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы).

Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді. Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келіп, ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi - ұстаз, бipi - ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне «Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. Абайға арналған мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланады.

1909 жылы Петербургте "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. 1910 жылы қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман "Бақытсыз Жамал" атты романын жариялайды.

1913ж. Орынборда "Азамат", 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы - ел тағдыры болды. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы «Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

Дәріс № 19-20

Спандияр Көбейұлы шығармашылығы (1878-1956)

Жоспары:

1. С.Көбейұлының шығармашылық өмірбаяны, зерттелуі.

2. Аударма саласындағы еңбегі. «Үлгілі тәржіма» кітабы.

3. Өлеңдерінің тақырыптық, мазмұндық, көркемдік ерекшеліктері. «Үлгілі бала» жинағы.

4. «Қалың мал», «Орындалған арман» романдары.

Тірек сөздер: тәржіма,ұстаз, мемуар, мектеп.

С. Көбейұлының «Қалың мал» романы 1913 жылы Қазан қаласында ағайынды Каримовтардың баспаханасында басылып шықты. Романның тақырыбы мен идеясы жөнінде автор былай дейді: «Романды жазуға тағы да бір ең басты себеп болған нәрсе- қазақ әйелінің қас жауы, қазақ әйелдерін теңсіздікке қорлық-зорлықта тұтып, малға теңеген мақсаты еді. Демек, роман арқылы салтты әшкерелеу, қалың халық бұқарасын одан бездіру, әйелдерді азатты күреске шақыру еді!»

Романның негізгі кейіпкерлерінің бірі - Ғайша. Жазушының суреттеуінде Ғайша тым жас, ол әлі тұрмыс құру, күйеуге шығу жайынан онша хабардар емес. Сондықтан да ол өз басына төніп қалған қатерді де бірден сезе алмайды.Дегенмен көрікке, мінезге бай Ғайша өзін батыл, өз бостандығы үшін күреске де даяр саналы қыз етіп көрсетеді. Ол өзі сүймеген адамға қалың малға сатылып баруға қарсы болады. Өзіне тең адал, шын жар іздейді.

«Қожаш – орта бойлы, талдырмаш, сабыр иесі, сұлу қараторы, бір сөзді, уәдеден таймайтын жігіт. Замандастары сол мінезінен өте жақсы көруші еді.

Жүніс, Бірке, Әлкендер - Тұрлығұл Байғазылардың талай тізесі батқан кедей ауылдың бас көтерер жас адамдары.

Ғайшаның шешесі Ақсұлу - баласына жаны ашитын, оның бақытты, қызықты тұрмыс құруына тілектес адам.

Кейіпкерлердің ішінен ерекше дараланып, әржақты жеткілікті суреттелетін тип - Ғайшаның әкесі Итбай. Шала молдалығы бар бірақ онымен берекелі мал тауып көрмеген бұл адамның бар есі-дерті - баю, дәулет жию. Ол Тұрлығұл байлығына қызығады, сондай болсам деп армандайды.

Романдағы ең ұнамсыз кейіпкердің бірі - Тұрлығұл. Жазушының суреттеуінде ол «Ұзынбойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілеріне мазаң, қатты мінезді адам». Сыртқы бейнесі осындай ұсқынсыз Тұрлығұлдың іші де толған арамдық пен надандық. Ол адамгершіліктен жұрдай, «шынжыр балақ, шұбар төс» атанған ескі ауылдың байы. Тұрлығұл жалпы адамшылық қасиеттер мен, жақсы қылықтарымен емес, елді өзінің байлығымен сатып алғысы келеді. Байлық- орл үшін жақсы, беделді болудың кепілі. Жазушы Тұрлығұл образы арқылы сол кездегі қазақ байларына тән типтік характерді даралайды. Тұрлығұлдың сүйенер, сенер адамдары Байғазы Құрымбай сияқты билер. Әбіш сияқты атқамінер пысықтар.«Ырсылдап, күрсілдеп, күшеніп- тышанып жуандар отырысты, - дейді С. Көбеев Байғазы мен Құрымбайдың Тұрлығұл үйіне келген кезін суреттегенде.

Дәріс № 21-22

Нарманбет Орманбетұлы шығармашылығы (1859-1918)

1.Шығармашылық өмірбаяны, зерттелуі.

2.Поэзиясының тақырыптық-көркемдік аясы, жанрлық ерекшеліктері.

Дастандары.

Нарманбет Орманбетұлы 1859 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Саға деген жерде дүниеге келген. Ру жағынан Абаймен елдес (Тобықты), атақты Қараменде бимен аталас болып келеді. Әкесі де билік тізгінін ұстаған, бір өңірге танымал «Қолдаудың қасқыры» (Тобықтының бір атасы) аталған кісі болса, шешесі Балбырауын белгілі Бәкі ақынның қызы.

Нарманбет 1918 жылғы тамыздың 16-нда Қарқаралы қаласында қайтыс болады. Сүйегі, өзінің айтуы бойынша, туған жері Сағаға жерленеді.

ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей мен Қазақ даласында болған қоғамдық-саяси өзгерістер ақын шығармашылығының жаңа бағытын айқындайды. Оның «Сарыарқаға қарасақ», «Жақыпқа», «Мектеп бастығына», «Біз тұрмыз» сияқты шығармалары қазақ қоғамында ояну дәуірі басталған осы кезеңде жазылған.

«Жастарға», «Құс болсаң, ақылға бай байғыз болсаң» деген өлеңдерінде жастарға ақыл-кеңес айтып, халықтың өміріне жарық түсіретін шамшырақ болуға шақырады, жаман әдет, іс-қылықтан сақтандырады.

Ол қазақ тұрмысындағы барлық кеселдің көзі надандықта жатыр деп түсінеді. Ал надандық кежегеден кейін тартқан жалқаулықпен, алауыздықпен сыбайлас дейді. Сасық байлық, шолақ мансаптан асқан игілік жоқ деп ойлайтын қараңғылықты 1905 жылы жазған «Қазақ ұлы біз тұрмыз» деген өлеңінде ашына сынайды.

Нарманбет отаршылардың арам ойы ендігі жерде қазақтарды ділінен, сенімімен айыру, христиан дініне кізгізіп, орыстандыру екенін паш етіп, жігерлі қарсылық білдіреді. («Кер заман» поэмасы).

Сол тұстағы бүкіл қазақ әдебиетіндегі кезеңдік мәнге ие, идеялық-көркемдік деңгейі биік тундысы – 1905 жылы жазылған «Сарыарқа» өлеңі. Бұл мәні мен мазмұны үлкен дастанға жүк боларлық керемет көркем де көлемді туындыда Столыпин реформасынан зардап шеккен Арқа жерінің бұрынғы толықсыған ажар-көркінен айырылып, құлазып қалған кейпін суреттейді.

«Сарыарқа, сайран жерім-ай!» деп аталатын ұзақ толғауы Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына байланысты туған.

Нарманбет өлеңдерінде өзі өмір сүрген дәуірдің шындығы реалистікпен шынайы суреттеледі. 1905-1907 жылғы бірінші орыс революциясы, 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілісі, 1917 жылғы Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі кезіндегі хал-ахуалды көзімен көрген Нарманбет соларға өз көзқарасын танытқан бірқатар жырлар тудырды. «Сахараға қарасаң», «Мектеп бастығына», «Бұл күнде байлар ғаяр, билер мекер», «Тілекті хақ берген күн», «Ұран», «Даусың қалай ашылды, ақын?» сияқты өлеңдері сондай туындылар. Бұл шығармаларында ақын аталған оқиғаларға ұштастыра отырып, қазақ өміріндегі келеңсіз құбылыстарды күйзеле суреттейді.

Тапсырмалар:

1. Н.Орманбетұлының өміріндегі ең негізгі кезеңдерді әңгімелеңіз.

2. Нарманбеттің шыққан жері жайлы әңгімелеңіз.

3. Жастарға үміт артып жазған шығармаларын талдаңыз.

4. «Кер заман» поэмасының кейіпкерлеріне мінездеме беріңіз.

5. «Сарыарқа, сайран жерім - ай» атты толғауын талдаңыз

6. «Шал қайғысы» өлеңі негізінде жастық пен кәрілік жайында әңгіме қозғаңыз.

7. Нарманбет шығармаларынан философиялық түйіндеулер жасаған өлеңдеріндегі филослфиялық ойларды талдаңыз.

Дәріс № 23-24

Ғұмар Қараш шығармашылығы (1876-1921)

Жоспары:

1. Өмірі мен қызметі.

2. Өлеңдері.

3. Аударма жанрын дамытуға қосқан үлесі.

Мысалдары.

Тірек сөздер: Алаш, қайраткер, аударма, публицист.

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның саяси-құқықтық, қоғамдық және философиялық ой-пікірін өзінше дамытып, өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ірі тұлғалардың бірі – Ғұмар Қарашұлы. Оның әдеби-діни қосымша есімі Ғабдолла Мұштақ (Мұштақ-діни лауазым, академик дәрежесі, ең білгір адам). Ол 1876 жылы қазіргі Батыс Қазақстан обылысының Бөкей ордасының Қырқұдық ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.

Оның &#

Работы которые могут быть Вам интерессными nerespiratornie-funkcii-legkih-mehanizmi-zashiti-sistemi-dihaniya-zashitnie-dihatelnie-refleksi.html

ne-resurs-sam-po-sebe-yavlyaetsya-sobstvennostyu-a-puchok-ili-dolya-prav-po-ispolzovaniyu-resursa-vot-chto-sostavlyaet-sobstvennost.html

nereversivnaya-shema-magnitnogo-puskatelya.html

nerevmaticheskie-karditi-u-detej-etiologiya-patogenez-osobennosti-klinicheskogo-techeniya-i-diagnostiki-meri-lecheniya-i-profilaktiki.html

nerevmaticheskie-zabolevaniya-oporno-dvigatelnogo-apparata.html

nerevmaticheskij-miokardit-u-beremennih.html

nerezidenti-nahodyatsya-na-territorii-rf-menee-183-dnej.html

nerezidentnie-virusi.html

nerezkoe-maskirovanie-cifrovaya-chastotnaya-korrekciya.html

nerezonansnie-rezhimi.html

nerezorbiruyushiesya-antacidi-mestnogo-dejstviya.html

neribnі-vodnі-produkti-promislu.html

ne-riskuj-neobdumanno.html

neritmichnih-specializirovannih-potokov-tablichnim-sposobom.html

nerodnie-roditeli.html

nerolievoe-maslo-iz-cvetov-gorkogo-pomeranca.html

nerovnoj-i-razbitoj-chasto-prevrashayas-v-tropu-vyushuyusya-sredi-zaroslej.html

ne-rozdannie-pochtovie-otpravleniya.html

ne-rozdrukuvavsya-chek.html

nerozvyaznі-hripivazhke-zahvoryuvannya-drіbnih-dihalnih-shlyahіv.html

ne-rubite-suk-na-kotorom-sidite.html

© domain.tld 2017. Design by Design by toptodoc.ru


Автор:

Дата:

Каталог: Образовательный документ